Назарбаев университеті мемлекеттік саясат және мемлекеттік басқару магистратура бағдарламалары беделді NASPAA-ның аккредиттеуінен өтті. Сөйтіп, аталған университет АҚШ-тан бөлек, NASPAA аккредиттелген магистрлік бағдарламасы бар әлемдегі 13 оқу орнының біріне айналды.
NASPAA – мемлекеттік басқару саласындағы білім берудің халықаралық қауымдастығы – мемлекеттік және муниципалдық басқарудағы магистрлік бағдарламаларды аккредиттеу саласындағы байырғы бірлестіктердің бірі. Бұл мемлекеттік басқару саласындағы жалпы танылған білім стандарты.
Осындай тамаша жетістік Назарбаев университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің еліміздің және аймақтың мемлекеттік саясат пен басқару саласы бойынша білім берудегі көшбасшы ретіндегі ұстанымын одан әрі нығайта түседі.
NASPAA-ның аккредиттеуі – аталған жоғары оқу орнының студенттеріне көптеген артықшылық береді. Бір жағынан, бұл – халықаралық стандарттарға сай сапалы білім алуға кепілдік. Құзыреттілікті NASPAA-мен сәйкестендіру NU GSPP түлектерінің талдау, синтез, сыни ойлау, мәселелерді шешу, дәлелді шешім қабылдау, тиімді коммуникация және қоғам мүддесі үшін қажетті дағдылар мен білімге ие болуын қамтамасыз етеді.
Назарбаев университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің негізгі стратегиялық серіктесі, Сингапур ұлттық университетінің Ли Куан Ю мемлекеттік саясат мектебімен бірлесіп әзірленген. Сингапурға тәжірибелік білім беру сапарын қамтитын оқу бағдарламасы магистранттарды табысты мансапқа дайындап, қоғамдағы өзгерістерге тиімді әсер етеді.
Сондай-ақ 2019 жылы Назарбаев университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің магистрлік бағдарламалары EAPAA – мемлекеттік басқару бағдарламаларын аккредиттеу жөніндегі Еуропалық қауымдастығының толық аккредитациясын алған болатын
– Біз NASPAA мен EAPAA-ның толық аккредиттеуінен өткен екі магистрлік бағдарламасы бар әлемдегі жалғыз оқу орны болғанымызды мақтан тұтамыз. Бұл ерекшелік біздің бағдарламаларымыздың жоғары сапасы мен жауапкершілігін көрсетеді. NASPAA-ның аккредиттеуінің арқасында біз Қазақстаннан және басқа елдерден мемлекеттік қызметкерлерін тартамыз деп үміттенеміз, – деді мектеп деканы Венг Тат Хуэй мырза.
Назарбаев университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебі мемлекеттік саясат пен басқару саласында жоғары сапалы білім беруді мақсат тұтқан Орталық Азиядағы жетекші мемлекеттік саясат мектебі саналады. Ол 2012 жылы ашылғаннан бастап, Сингапур ұлттық университетінің Ли Куан Ю мемлекеттік саясат мектебімен сенімді стратегиялық әріптестік орнатқан. NU GSPP-нің Орталық Азиядағы таңдаулы мемлекеттік саясат мектебі ретінде орнығуы үшін де ауқымды жұмыс істеп жатыр. Бүгінде Жоғары мемлекеттік саясат мектебі білім беру барысында Орталық Азиядағы инновациялық және озық магистратура бағдарламаларын ұсыну үшін ғылыми зерттеулерді қамтиды.