Құрылыс-монтаждау жұмысына байланысты биыл 2-20 тамыз аралығында Тұран даңғылының негізгі қозғалыс белдеулері бойынша Хусейн Бен Талал көшесінен әуежайға қарай екі жаққа қозғалыс жабылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Көлік қозғалысы екінші реттік съездер бойынша жүзеге асады. Сонымен қатар 26 шілдеден 26 тамызға дейін Мәңгілік ел даңғылынан Хусейн Бен Талал көшесі бойындағы екінші реттік жол бойымен 6 жылу магистралін салу бойынша жұмыс жүргізу үшін қозғалыс толығымен жабылады.
«Астананың Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының келісімімен республикалық Бас мешіт ауданындағы тұрғын үйлерді орталық жылытумен қамтамасыз ету мақсатында қаланың отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы НС-14-тен ТМ-47-ге дейінгі магистральдық жылу трассасын салу аясында жұмыс істеп жатыр», деп жазды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы керек.