Қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Республика даңғылындағы жол төсемін орташа жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты мәлімдегендей, жөндеу жұмысына байланысты Республика даңғылының Ж.Тәшенов көшесінен А.Иманов көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы 30 шілдеден тамыз айының 20-сына дейін ішінара жабылды.
Елорда тұрғындары, қонақтары жолдарда кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын-ала жоспарлауы қажет.