Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 443 – 447 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Kurs.kz деректеріне сүйенсек, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 443 – 447 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар бағамы 444 – 447,5 теңге аралығында құбылып тұр.
31 шілдедегі кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,24 теңгеге қымбаттап, 445,89 теңге болған.
Ұлттық банктің 1 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 446,07 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,88 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,83 – 5,03 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 4,83 - 4,93 теңгеден сатылуда.