Көкшетау мен Атбасар арасын жалғап жатқан күрежолдың жағдайы көптен бері жұрт аузында жүр еді. Өткен аптада оны жөндеу жұмыстары басталып кетті.
Аталған жолдың жалпы ұзындығы 55 шақырым болады. Ол – Зеренді ауылы мен Балқашын елді мекеніне дейінгі аралық. Бұл жол Зеренді мен Сандықтау аудандарын көктеп өтеді. Учаскеде 30-ға жуық арнайы техника мен 50 маман-қызметкерлер жұмыс істеп жатыр.
Осы жылдың құрылыс маусымында «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Бұғаз» күрежолының жеті учаскесі жөндеу жұмыстарымен қамтылғаны мәлім. Оларда жол жамылғылары жаңартылып, су өткізгіш құбырлар мен жаңа автопавильондар орнатылады.
Мысалға алып қарасақ, Абай өңірінде жөндеу жұмыстарымен Ақсуат пен Ащысу ауылдарына жақын жердегі екі учаске және Аягөз қаласынан шыға берістегі жол қамтылды. Ал Қарағанды облысында Матақ ауылынан Қарқаралы қаласына дейінгі төрт жол учаскесінде жол жөндеу жұмыстары қызу жалғасып жатыр.