Шығыс Қазақстан облысындағы кейбір жанармай құю станцияларында бензин тек талон арқылы сатылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аталған аудандар мен шағын станциялардың тұрғындары жанармай тапшылығын сезініп жатыр. Айта кетсек, облыс орталығы Өскеменде жағдай тұрақты.
Еске сала кетсек, шілде айында Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттары жөндеу жүргізу мақсатында жұмыстарын уақытша тоқтатқан еді. Содан бері елде АИ-95 маркалы бензиннің тапшылығы байқала бастады.