• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Тамыз, 2023

Онлайн оқулық

401 рет
көрсетілді

Елімізде цифрландыру саласы қарқынды дамып ­келеді. ­Мәселен, көптеген қызмет­ті элек­­­­трон­­ды үкімет ар­­­қы­­­лы он­­лайн­­ ала беруге болады. Енді білім саласы да цифрлық тех­­­но­­­ло­­гия мүмкіндігін пайдаға асырып, оқулықтарды он­­лайн форматқа көшіріп жатыр.

Қазіргі кезде оқулықтардың 80 пайызы цифрлық форматқа көшірілген. Цифрлық нұс­қа­дағы оқулықтар мемлекеттік сара­п­тамадан өтіп, оқу-әдіс­те­мелік кеше­н­дер тізімі­не­ енгізілді. Цифр­лық оқу­лық­тарды әзірлеуге 11 бас­па тар­тылған. Пәндерді оқы­­­ту­дың­ инновациялық тәсіл­дерін енгі­зу мақсатында педа­гог­тер­дің оны пайдалануы үшін­ әдіс­те­ме­лік ұсынымдар әзір­леніп, оқы­тылған.

– Қазіргі күні еліміздегі бас­та­уыш сынып оқулықтарының 94 пайызы, 5-9 сынып оқулық­та­­рының 81 пайызы, 10-11­ сынып оқулықтарының 61 пайызы элек­­тронды нұсқаға көшірілген. 2024 жылы пәндерді цифрлық оқу­­лықтармен 100 пайыз қам­­ту­ жос­­­парланған, – деді  Оқу-ағар­ту­ министрлігі Орта білім­ ко­ми­­­­тетінің төрағасы Қаны­бек Жұ­ма­шев.

Оқу-ағарту министрлігінің мәлі­ме­тінше, электронды оқу­лық­­тармен қатар мектептерде қо­сымша оқу материалы ретінде мульти­медиалық контенті бар цифр­лық білім беру ресурстары да жиі қол­да­нылады. Қазір 50 мыңнан аса цифрлық білім беру ресурсы жасалды.

2023 жылдың басынан бастап цифрлық білім беру ресурстарына 6,7 мың мектеп қосылды. Бұл ресурстарды бүгінде күн сайын 3 мил­лиондай оқушы мен мұғалім қолданып келе         ді. Цифрлық білім ресурстарында барлық сыныпты қамтитын 50 мыңнан аса бейнесабақ жарияланған.