• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Сенат 02 Тамыз, 2023

Сенат депутаты Атырау облысындағы ауыл тұрғындарымен кездесті

133 рет
көрсетілді

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сағындық Лұқпанов Атырау облысында болып, аудандық мәслихат депутаттарымен, кәсіпкерлермен, Көктоғай, Есбол, Жарсуат, Ақ Жайық, Еңбекшіл және Махамбет елді мекендерінің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенатор кездесу барысында Палата қызметінің қорытындылары туралы хабардар етіп, өткен сессия барысында қабылданған заңдардағы негізгі жаңалықтарға жан-жақты тоқталды. Кездесуге қатысушылар мәслихат депутаттарының өңірдегі денсаулық сақтау жүйесін, жол және ауыз сумен қамтамасыз етуді жетілдіру жөніндегі ұсыныстарын және жергілікті тұрғындар айтқан өзекті мәселелерді талқылады.

Депутат сонымен бірге «Испусинов», «Дастан» шаруа қожалықтарының, «Жұмағалиева Н» поликарбонаттан жасалған өндірістік жылыжай кешенінің жұмысымен, сондай-ақ «JoiPark» ойын-сауық орталығы және «Saida» сауда орталығымен танысты.

Сағындық Лұқпанов сапар аясында ауыл тұрғындарымен жүздесіп, шағын елді мекендердің проблемаларымен танысты. Сенатор Атырау облысы ауылдарының проблемалары үнемі оның назарында екенін және оларды оң шешу жолындағы жұмысты жалғастыра беретінін атап өтті.