• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 05 Тамыз, 2023

Әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші «алтын» түсті

5499 рет
көрсетілді

Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Даби қаласында тамыз айының 2-5 күндері аралас жекпе-жектен 12-17 жас аралығындағы жастар арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың үшінші күні Қазақстан қоржынына тағы 3 медаль түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Финалда америкалық Брайсон Барронды жеңген 120,2 келіге дейінгі ауыр салмақтағы қостанайлық Радомир Морозов чемпион атанды. Әлем чемпионатында қарағандылық Егор Желтов (52,2 келіге дейін) пен павлодарлық Эльмира Михмендиева (52,2 келіге дейін) қола медаль иегерлері болды.

Еске салсақ, бұған дейін өз салмақтарында маңғыстаулық Еркебұлан Исламғали әлем чемпионы атанып, түркістандық  Пердебек Орынбасар қола жүлдені иеленген.

46 елден 653 спортшы қатысып жатқан тарихтағы ең ірі чемпионатта Қазақстан құрамасы сапында 14-15 пен 16-17 жас аралығындағы 35 спортшы бар.

Еліміздің қоржынында екі алтын мен үш қола, барлығы бес медаль бар.