• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 07 Тамыз, 2023

Оқушыларды қолдауға арналған акция

248 рет
көрсетілді

Көп кешікпей жаңа оқу жылы да басталады. Жақында ғана 1-сыныпқа қабылдау аяқталды. Биыл 339 880 бала мектеп табалдырығын аттайды. Ал республика бойынша 3 млн 500 мыңнан аса білім алушы бар. Осыған орай жыл сайын мұқтаж ата-аналарға балаларын мектепке дайындау үшін мемлекет тарапынан көмек көрсетіледі.

Еліміздің барлық өңірінде дәс­түр­ге айналған «Мектепке жол» рес­пуб­ликалық қайырым­ды­лық акциясы бас­талды. Аталған акцияны Оқу-ағарту министрлігі 2008 жылдан бері жыл са­йын 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өткізіп келеді. Қайырымдылық акциясы аз қамтылған және көп­ба­лалы отбасылардан шыққан, сон­дай-ақ асыраушысынан айы­рыл­ған ерекше білім беруді қажет ететін балаларға әлеуметтік қол­дау көрсетуге бағытталған. Министр­ліктің мәліметінше, биыл «Мектепке жол» акциясы аясында демеушілер мен меценат­тар­дың көмегімен 200 мыңнан астам оқушыға 3 млрд теңге­ден астам қаражатқа көмек көрсету көз­деліп отыр.

«15 жылдан бері жалғасып келе жатқан «Мектепке жол» акция­сы мұқтаж жан­дарға қол­дау көрсетуге және жаңа оқу жылы қарсаңында барлық бала­ның мерекелік атмосферасын құру­ға­ мүмкіндік бермек. Өткен жылы да демеу­ші­лер мен меценаттар 3 млрд 781 млн тең­ге көле­міндегі сомаға 204 мыңнан астам оқушыға көмек көрсеткен. Біз өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар мен балаларға бейжай қарамайтын, жүрегі кең азаматтардың аталған акцияға белсенді қатысуға шақырамыз», деді Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

Акция барысында көмекке мұқ­таж жандар үшін комитетте «74-25-28» жедел желі телефоны,­ сондай-ақ «BALA QORǴAÝ» telegram чаты жұмыс істейді.

«Отбасылар жалпыға білім беру қорынан алған көмектен бөлек, «Мек­тепке жол» қайырым­ды­лық акциясы аясында көмек алып келеді. Бұл акция дәстүрлі қоғам­дық қозғалысқа айналды. Биыл аталған іс-шара 1-30 қыр­күйек аралығында «Жақсылық жаса!» ұранымен өтетін болады. Акция барысында азаматтардың өтініштеріне баса назар аудару үшін білім беру ұйымдарындағы қоғамдық қабылдау бөлмелерінде үздіксіз «жедел желі» жұмысы ұйымдастырылды. Бұдан бөлек, ірі сауда орталықтарында мұқтаж оқушыларға гуманитарлық көмек көрсету пункттері ашылды», деді Оқу-ағарту вице министрі Еділ Оспан.

Сонымен қатар елімізде мұқ­таж отбасыларға қаржылай көмек көр­сету және балалардың білім алу құ­қығын 100 пайыз қамтамасыз ету үшін арнайы құрылған жал­пы­ға бірдей білім беру қоры бар. Белгіленген тәртіпке сай жал­пыға бірдей білім беру қоры аясында атаулы әлеуметтік кө­мек ата-ана қамқорлығынан айы­рыл­­ған, жетім балалар мен жан ба­сына шаққанда табысы ең тө­мен­гі күнкөріс деңгейінен аз және әлеуметтік көмекке құқы­­лы отбасыларға беріледі. Министр­лік мәліметінше, биыл қор­дан оқу­­шылар үшін мектеп фор­ма­сы­­ мен оқу құралдарын сатып алу­ға 18,7 млрд теңге бөлі­н­­еді. Ал әрбір білім алушыға бері­ле­­тін материалдық көмектің ең тө­мен­гі мөлшері – 40 567 тең­ге.­ Рес­публика бойынша көмек кө­р­­­сетудің ең жоғары мөлшері Пав­­ло­дар облысында – 47,3 мың теңге.

Е.Оспанның айтуынша, ха­лық­тың­ әлеуметтік осал сана­тын­дағы 450 мыңнан астам балаға қар­жы­лай қаржы­лай көмек беріледі. Өткен жылғы Үкі­мет қаулысына енгізген өзге­ріске сәйкес ата-аналар мен бала­лар мектеп формасын, аяқкиімді, кеңсе тауарларын және жет­кізу­шілерді өздері таңдау үшін олар­дың есепшотына қаржы аударылады.

«Әрбір білім алушыға киім, оқу құралдарын сатып алуға арнал­ған қаражаттың ең төменгі мөлшері 40 567 теңге болып тағайындалды. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін бөлінген сома 17 мыңнан басталып, түрліше өзгерген болса, биыл барлық өңір үшін 40,6 мың теңгеден бастап мектеп жиынтығын сатып алуға қаржы қарастырылып отыр. Бүгінде білім басқармасы отбасындағы әрбір оқушыға мектеп жинақтарын сатып алу үшін ата-анасының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың есепшотына ақша аудару үстінде. Ата-аналар аталған тауарларды сатып алғаннан кейін оны растайтын құжатты ұсынуы керек. Материалдық көмекті алу үшін әр ата-ана мектеп директорының атына өтініш жазуы шарт. Сондай-ақ өңірлерде «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бір­ле­­сіп, мектеп жәрмеңкелері ұйым­­дастырылады. Мәселен, авто­дүкендерде жеңілдетілген баға­мен мектеп киімдері мен кеңсе тауар­лары сатылады. Аталған жұмыс­тар барлық облыста тамыз айының соңына дейін аяқталмақ», деді Е.Оспан.