• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 08 Тамыз, 2023

Елдің басым бөлігінде аптап ыстық болады

197 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК 8 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктердің деректеріне сүйенсек, атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде күн құбылмалы болады. Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, солтүстік-батыста, шығыста, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады.

Қазақстанның батысында ғана күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша екпінді жел соғады. Қазақстанның солтүстік-батысында түнде және таң ата тұман түседі.

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында 35-39°с аптап ыстық болады, Маңғыстау облысында 38-41°с ыстық сақталады.

Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының батысында, шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарында, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Атыраудың батысында, шығысында, Ақмола облыстарының оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.