• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Білім 08 Тамыз, 2023

Құжат тапсырудың онлайн жолы

231 рет
көрсетілді

Осыдан төрт жыл бұрын оқуға құжат тапсыруға шіл­денің шіліңгір ыс­ты­ғын­да кезекте тұр­ға­ным әлі есімде. Қазір де талап­кер­лер таңдаған жо­ғары оқу орнының алдында таң­нан кешке дейін тұ­ру­ға мәжбүр. Бірақ биыл Maqsut Narikbayev University құ­жат тапсырудың жолын жеңілдетті. Олар онлайн форматқа көшіп, қабыл­дау­дың виртуалды әдісін енгізді.

Жоғары оқу орнына құжат­тарды онлайн тапсыру талапкер­лер­ге тиімді-ақ, әсіресе өзге өңір­лерден келетіндерге. Өйткені алыс жолды еңсеріп, Астанаға келудің қажеті жоқ. Осылайша, виртуалды форматта қабылдау тәсілі шығынды азайтып, уа­қыт­ты үнемдеуге мүм­кіндік беріп отыр.

Талапкерлер құжаттарын тапсырып, оқу шартына электронды қолтаңба арқылы қол қояды. Университет әкімшілігінің айтуынша, талапкерлерге қолайлы болу үшін виртуалды консультациялар Whereby платформасында өткізілген. Сондай-ақ қабылдаудың жаңа тәсілінің ең бір артықшылығы – CRM жүйесі арқылы әрбір талапкерге жеке кеңесші тағайындалған. Жеке кеңесші талапкердің оқуға түсуіне дейінгі үдерісті то­лықтай назарында ұстап, сапа­лы әрі уақытылы қызмет көр­сетеді.

Виртуалды құжат тапсырған талапкерлердің ата-аналары жаңа тәсілдің тиімді тұстары мен артықшылығы көп екенін ай­тады.

– Ақтау қаласында тұратын­дық­тан, қажетті құжаттарды онлайн тапсыру өте ыңғайлы бол­­ды. Біз қабылдау комиссия­сына жүгініп, Нұрай атты қызды жеке кеңесші ретінде таңдадық. Кеңесшіміз өтініш беру үдері­сін­де бізбен байланыста болып, қабылдауға қажетті құжатты жи­науға көмектесті, – дейді ақ­­тау­лық талапкердің анасы Ақмарал.

Университет онлайн кезек жүйесін де қарастырған. Яғни та­лапкерлер жеке кеңесшіні таң­дап, тіркеледі. Сондай-ақ қыз­мет сапасын одан әрі жақсар­ту­ға кеңесшінің жұмысын баға­лау жүйесі бар. Кеңес беру аяқтал­ған­нан кейін талапкерлер түсін­діру барысындағы кемші­лік­тер­ді немесе өзіне ұнаған ар­тықшылықтарды жаза алады.

– Біз университетімізге түскісі келетін талапкерлердің қабылдау үрдісін барынша қолжетімді әрі ыңғайлы етуге тырысамыз. Құжаттарды тапсырудың жаңа тәсілдерін енгізу және жеке кеңес беру талапкерлерге осы маңызды кезеңнен оңай өтуге көмектеседі, – деді Maqsut Narikbayev University қабыл­дау комиссиясының жетек­шісі Арман Серікжанұлы.

Университет қолданысқа ен­гіз­ген виртуалды платформада қабылдау әдісі көп жағынан тиімді. Өзге университтерге де үлгі болатындай жақсы мысал.