• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 09 Тамыз, 2023

Абай облысында көне дәуір пирамидасы табылды

200 рет
көрсетілді

Абай облысында жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде осыдан төрт мың жыл бұрынғы қола дәуірінің дала пирамидасы табылды, деп хабарлайды Egemen.kz  Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

 

«Дала пирамидасы өте дәлдікпен салынған: алты қырлы. Әрбір қырының арасы он үш метр және сегіз қатар таспен қаланған. Ортасында бірнеше шеңберлері бар. Бұл – өте күрделі кешенді құрылыс. Сол кешендегі құрылыстың сыртындағы қабырғаларында әртүрлі жануарлардың, әсіресе жылқының суреттері көп бейнеленген. Сонымен қатар түйенің де бейнелері бар. Қазбадан табылған мәліметтер, қыш ыдыстар, әйел адамның алтын сырғасы және тағы басқа әшекей бұйымдар осы қола дәуірінің үлкен көне дәуірде мәдениеті, ошағы болғандығын көрсетеді», деді тарихшы ғалым, ЕҰУ археология және этнология кафедрасының меңгерушісі Ұлан Үмітқалиев.

2014 жылдан бастап ЕҰУ тарих факультеті археология және этнология кафедрасының ғалымдары Абай облысы,  Абай ауданы Тоқтамыс елді мекенінің жанындағы Қырықүңгір кешенді ескерткішінде археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп келеді. Оған университет студенттері мен магистранттары атсалысты.  Жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Еуразия даласында кездеспейтін ірі көлемдегі біздің дәуірімізге дейінгі екінші мыңжылдықтың басы, яғни осыдан төрт мың жыл бұрынғы қола дәуірінің дала пирамидасы табылды.