• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 09 Тамыз, 2023

Павлодар облысында өрттен екі жасар қыз көз жұмды

226 рет
көрсетілді

Павлодар облысында өрт салдарынан екі жасар қыз қайтыс болып, тағы бір бала зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«9 тамызда сағат 10:29 шамасында Тереңкөл ауданы, Береговое ауылында жеке тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Өрт кезінде 2021 жылы туған қыз бала көз жұмды. 2019 жылы туылған тағы бір бала 1-2 дәрежелі күйік алған», деп хабарлады Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті.

Отбасының көп балалы екені белгілі болды. Анасы сыртта үй шаруашылығымен айналысып жүргенде, балалар үйде болған.

Өрт шамамен 80 шаршы метрді құрайды. Оқиға орнында екі бірлік техника мен сегіз адам жұмыс істеді.