• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Медицина 09 Тамыз, 2023

Қазақстанда 11 медициналық колледж аттестаттаудан өте алмады

692 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық білім беру сапасы бойынша енгізілген талаптар аясында еліміздің 91 медициналық колледжін мемлекеттік аттестаттаудан өткізді, оның 11-і аттестаттаудан өте алмады, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік аттестаттау денсаулық сақтау саласындағы техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы оқу жұмыс бағдарламаларына, базалық кәсіптік модулдерді оқытуға, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына, кадрлық әлеуетке, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруға қатысты бірқатар мәселелерді анықтады.

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері анықталған бұзушылықтар бір жыл ішінде жойылуға тиіс екенін ескертіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

«Қайта аттестаттау кезінде бұзушылықтар анықталған жағдайда, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымына бару немесе білім беру қызметіне лицензияны қайтарып алу арқылы бақылау жоспарына енгізу үшін аттестаттаудан өтпеген медициналық колледждердің тізбесін ҚР Білім министрлігіне жібереді», делінген ведомство хабарламасында.