Шымкент қаласында өткен футбол матчы кезінде жанкүйерлер мен ойыншылар төбелесіп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кеше Шымкент қаласындағы «Биик» шағын стадионында «Қайрат-жастар» және «Оңтүстік» жастар құрамаларының кездесуі өткен еді.
Ойын барысында алматылық команда ойыншылары мен жергілікті жанкүйерлер арасында жаға жыртыс болды.
Төрешілер ойыншыларға шара қолданды. Сондай-ақ жергілікті команданың жанкүйерлері полиция бөліміне жеткізілді.
«Полицияға шағым түскен жоқ. Ал жанкүйерлерге футбол матчтарында өзін-өзі дұрыс ұстау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді», делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.