• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Инвестиция 14 Тамыз, 2023

Инвестицияның 5 артықшылығы

285 рет
көрсетілді

Көпшілік қазір инвестициялаудың не екенін біледі. Біразы қор нарығына қадам басып, тырнақалды қадамдарын жасап та жүр. Қор нарығы – құмар ойындар ордасы емес. Бұл жерде ақыл мен есепке жүгіну қажет. Сондықтан саланың кәсіби мамандары айтатын кеңестерге құлақ түрудің де артығы болмайды.

 

Jusan сарапшыларының айтуынша, инвестицияның бес артықшылығы бар. Әдепкісі – мүмкіндіктің көптігі. Баға­лы қағаздар нарығында активтер түрі көп. Олардың қатарына акция, облигация, ETF, ИПҚ және тағы басқалары кіреді. Бұлар инвесторға өзіне қолайлы инвестициялық өнімді таңдауға мүмкіндік береді. Бағалы қағаз­дарды таңдау мүмкіндігі көп бол­ған сайын капиталды ықтимал шығындардан қорғауға және қауіп-қатер деңгейін төмендетуге көмектеседі.

Екіншіден, капиталды тез кө­бейту мүмкіндігі бар. Инвес­ти­циялау капиталды көбейтіп, қо­сымша табыс алуға жол аша­ды. Егер сіз дұрыс қаржы құрал­дарын таңдасаңыз, уақыт өте келе инвестицияларыңыз өсіп отырады. Әдетте, қысқамерзімді инвестицияға қарағанда ұзақмер­зімді инвестиция көбірек табыс әкеледі.

Үшіншіден, инвестициялық салымдар сізді инфляциядан қорғайды. Инфляция уақыт өте келе ақшаны құнсызданды­рады. Инвестиция капиталыңыз­ды инфляциядан қорғап, болашақ­та оның сатып алу қабілетін сақтауға көмектеседі. Сандық түбінде сақталған ақша мен акцияларға құйылған ақша арасында жер мен көктей айыр­машылық бар.

Төртіншіден, ақшадан тарық­пайсыз. Яғни дұрыс инвестиция салсаңыз, зейнет жасына немесе дағдарыс кезінде қауіпсіздік жастықшасына ие бола аласыз. Бір күнде жұмысыңыздан айырылып қалсаңыз, инвестициядан түскен табыс сізге асықпай жұмыс іздеп, қай жерде бос жұ­мыс орны бар деп емес, жа­ныңызға жайлы жұмыс табуға мүм­кіндік береді. Портфеліңіз плюсте болса, қарыз бен несиеге тәуелсіз өмір сүруге болады.

Бесінші артықшылық – білім жию. Бағалы қағаздарға инвестициялау арқылы адамның дүние­танымы кеңейіп, қаржы әлемі мен экономика қалай жұмыс істейтінін түсіне бастайды. Қазір­гі уақытта инвестициялау өнерін тегін үйренуге болатын платформалар жеткілікті. Әрине, соның ішінде ресми ресурстар таратқан ақпараттармен танысу сізге көп артықшылық сыйлайды.