• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Еңбек 15 Тамыз, 2023

Алғада жасалған аяқкиім

343 рет
көрсетілді

Махамбет ауданының Алға ауылында тұратын Жанаргүл Аманғалиева жазғы мезгілге арналған аяқкиім тігеді. Бұл кәсібін бастау үшін мемлекеттен қайтарымсыз қаржы алған.

Тігін тігу ісін бала күнінде ана­­сынан үйренген. Содан бері қо­лы­нан ине-жіпті таста­май­­ келеді. Ал аяқкиім тігу­­мен­­­ тек хобби ретінде ай­на­­­­­­лы­­сып, бастапқыда аға­­­­йын­­-туыс­та­ры­ның тапсырысын орын­дап жүрген. Кейіннен бұл­ ісін тұрақ­ты кәсіпке айнал­ды­­руға бекініпті.

«Кәсіп бастау оңай емес. Оған тәуекел де, тіпті қаржы да­ ке­рек. Сондықтан аудандық жұ­мыс­­пен қамту орталығының ма­ман­дарынан, «Атамекен» ҰКП-ның­ өңірлік филиалы­нан­ кеңес алып, бизнес-жос­пар­ құрдым. 2021-2025 жылдарға арналған кәсіп­кер­лік­ті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында 1 млн 380 мың тең­ге көлеміндегі қай­та­рымсыз қар­жы­ға қол жеткіздім. Тігін мә­шін­­­кесін, өзге де құрал-жаб­­дық­­тарды сатып алып, ша­ғын­­ ше­бер­хана аштым», дейді Жа­нар­­­гүл.

Ол аяқкиімнің сапалы бол­ға­нын­ қалайды. Сол себептен сапа­лы­ жіпті Иран мен Түркиядан тап­сырыспен алдырады.

«Келінім өзім секілді қол­өнерге жақын жан. Үйден ұлт­тық нақышпен көрпе тігеді. Оның бәрін тапсырыспен жа­сай­­­ды. Өзім бір күнде 2-3 жұп аяқ­­киім дайындаймын. Бағасы – 5 мың теңге. Енді балаларға ар­­налған жабық үлгідегі аяқ­киім­дерді тоқуға көшемін», дейді Ж.Аманғалиева.

Оның айтуынша, аяқ­киім­­нің базар мен дүкенде са­ты­ла­­тын түрлерінен бірнеше ерек­шелігі бар. Біріншіден, аяқ­ты­ терлетпейді. Екіншіден, иіс­ шығармайды. Үшіншіден, бұл­ аяқкиім жуған соң өңін бұз­бай­ды.

 

Атырау облысы