• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Спорт 16 Тамыз, 2023

Қоржында – төрт жүлде

182 рет
көрсетілді

Оңтүстік Кореяның Чунчон қаласында таэквондодан G2 дәрежесіндегі «Korea Open 2023» деп аталатын халықаралық турнир аяқталды.

Аталған жарыста Қазақстанның татами шеберлері төрт жүлде жеңіп алып, өз жанкүйелерін қуантты. Ең үздік нәтижеге 68 кило салмақ дәрежесінде күш сынасқан Елдар Бірімбай қол жеткізді. Биыл көктемде Словенияның Любляна қаласында өткен дүбірлі додада қарсылас шақ келтірмей, бас жүлдені олжалаған қазақ спортшысы бұл жолы да ақтық сайысқа дейін алқынбай жетті. Өкінішке қарай, шешуші тұста ұтылып, күміс медальды мойнына ілді. Олимпия ойындары мен әлем чемпионаттарына қатысып, бірқатар байрақты бәсекеде жеңіс тұғырына көтерілген +67 кило салмақтағы Жансел Дениз Чунчондағы турнирді қола жүлдемен қорытындылады. Жартылай финалда ол өзінің қателігі салдарынан жеңіліс тапты. Сондай-ақ Ботагөз Қапанова (49 кило) мен Нұрлан Мырзабаев (80 кило) дәл сол межеден көрінді.

Алдағы айларда Қазақстан құрамасы Парижде алауы тұтанатын Олимпия ойында­рының жолдамалары үшін таласады.