• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Білім Бүгін, 10:38

Теңіз академиясының жаңа ғимараты

Ақтауда Ш.Есенов атын­дағы Каспий техноло­гиялар және инжиниринг университеті жа­нынан Теңіз акаде­мия­сының жаңа оқу ғимараты ашылды. Жаңа ғимарат Yes­senov University-дің жеке қаражаты есебі­нен салынды. Құны 1,430 млрд теңгені құрайтын үш қабатты кешеннің жалпы аумағы 4 600 шар­шы метрді құрайды. Бұл нысан 900 білім алушыға арналған.

Транскаспий халық­аралық көлік бағы­тын дамытуға қа­жетті кадрларды даярлауға ба­ғыт­талған академияда теңіз көлігі, логистика, кеме қа­тынасы және порттық инфра­құрылым салалары бойынша мамандар даярланып, қол­данбалы ғылыми зерттеу­лер жүргізіледі. Сондай-ақ ака­демия халықаралық дең­гей­дегі заманауи теңіз си­му­л­яторларымен жабдықтал­ған. Атап айтқанда, «Kongs­berg» компаниясының нави­гациялық және инженерлік тренажерлері орнатылып, теңіз мамандарын даяр­лауға арналған арнайы бағдар­лама­лық жүйелер енгізілген. Бұл кешендер шынайы кеме жүр­гізу жағдайларын модель­деу­ге мүмкіндік береді. Ака­демия «Сторм» компа­ния­­сының тренажерлары­мен, «International Maritime Organi­zation» (IMO) халықаралық стандарттарына сәйкес мульти­медиялық оқу модульдерімен жабдықталған. Жүйе вахталық офицерлерді, капитандарды, механиктерді, теңіз флоты мамандарын даярлайды.

Іс-шараға Маңғыстау об­лы­сының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов, мемлекеттік органдардың өкілдері, сала мамандары, профессор-оқы­тушылар құрамы, студенттер мен теңіз саласының арда­герлері қатысты.

– Бүгін еліміз үшін тари­хи сәт. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ло­­­гис­­тика және теңіз саласын дамытуға, сондай-ақ осы бағыт­тағы кадр даярлау мә­се­­ле­сіне ерекше мән беріп ке­леді. Бүгінгі шара – соның нақ­ты кө­рінісі. Бұл – еліміздегі теңіз саласына арналған маңызды жоба. Маңғыстаудың көлік-логис­тикалық әлеуеті артып келе жатқан кезеңде мұндай академияның маңызы зор. Осы іске атсалысқан барша азаматқа елдің атынан алғыс айтамын, – деген өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай жаңа нысанның өңірдің теңіз саласын дамытудағы маңызына тоқталды.

Қазір Теңіз академиясын­да 350 студент білім алады. Мамандар даярлау бака­лав­риаттың 6, магис­тра­тураның 4 білім беру бағ­дар­ламасы бойынша жү­зеге асы­рылады. Олар­дың қата­рында кеме жүргізу, кеме энер­гетикалық қондырғы­ларын пайдалану, теңіз техни­ка­сы мен технологиялары, су көлігін басқару және кө­лік логистикасы бағыттары бар. Жаңа кешен құрамында әскери кафедра студенттеріне арналған саптық алаң, қарауыл қалашығы, заманауи кедергілер жолағы бар. Жаңа ғимараттың ашылуы күні 130-дан астам курсант әскери ант қабылдады.

Маңғыстау облысы

Соңғы жаңалықтар