• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Тамыз, 2023

Жақсы болса жағдайың...

144 рет
көрсетілді

«Жақсы болса жағдайың, бес күн қонып қайтайын» дегендей, елімізге келген шетелдік қонақтардың қанша күн ел аумағында аунап-қунайтыны белгілі болды.

eQonaq ақпараттық жүйесінің де­регінше, елімізге туристік мақсатпен келетін АҚШ, Германия, Оңтүстік Корея және Үндіс­тан азаматтары орта есеппен 4 күн өткізеді екен.

«eQonaq жүйесі – елімізге келген туристер­дің келіп-кетуін бақылау және талдау, орналастыру орындарының тізілімін құру, т.б. бірнеше маңызды қызметті атқарады. Басты мақсат – туристерге көрсетілетін қызметтердің ашықтығы мен сапасын арттыру. Жүйеге 3 214 орналасу қызметін ұсынатын кәсіпкерлік нысаны тіркелген», деді Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуалиева.

Елімізде аялдау мерзімі бойынша Өзбек­стан азаматтары көш бастап тұр. Көрші ел­дің туристері елімізде 10 күнге дейін тұрақ­тайды. Ал Ресейден келетін туристер – 6 күн, Беларусь азаматтары – 5 күн, Германия туристері 4 күн қонса, Қытай азаматтары елімізде 3,5 күн өткізеді екен.