• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Білім 16 Тамыз, 2023

Әкімдік гранты

1110 рет
көрсетілді

Астана қаласының әкімдігі 2023-2024 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 1 084 білім грантын бөлді.

Жақында ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесінде білім грантын жеңіп алғандардың тізімі жарияланды. Біреу қуанса, біреу мұңайды. Бірақ тізімнен атын таба алмағандарға әлі мүмкіндік көп. Солардың бірі – әкімдік тарапынан бөлінетін гранттар. Астана қаласы әкімдігінің білім грантына елорда мектептерінің түлектері ғана емес, еліміздің басқа өңірлеріндегі талапкерлер де үміткер бола алады. Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, грант бойынша жоғары оқу орнына түсуге өтініштердің саны артқан жағдайда азаматтарға бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысындағы квоталар есепке алынады.

Әкімдік тарапынан медицина (резиден­тура) бойынша 96 грант, педагогика (бака­лавриат) – денешынықтыру, шет тілі, география, тарих, педагогика және пси­хология, математика, информатика, орыс тілі мен әдебиеті, физика, химия, био­логия, дефектология бойынша 948 грант, гуманитарлық пәндер (бакалавриат, магис­тратура) – исламтану, дінтану, теология бойынша 40 грант бөлінген. Педа­гогикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім грантына ұлттық бірың­ғай­ тестілеуді тапсырған және кемінде 75 балл­ жинаған талапкерлер үміткер бола алады.

Бакалавриатқа құжаттар 5 тамыздан­ 15 тамызға дейін, магистратураға, рези­ден­тураға 25 тамызға дейін қабыл­да­на­ды. Астана қаласы әкімдігінің гранты­на үміткер талапкерлер құжаттарды Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия мемле­кет­­тік университетіне (133 грант), А.Құса­йынов атындағы Еуразиялық гумани­тар­лық институтына (170 грант), «Астана» халық­­аралық университетіне (595 грант),­ Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педаго­ги­ка­лық университетіне (50 грант), Жалпы спорт­тық денешынықтыру академиясына (10 грант), Әл-Фараби атындағы Казақ ұлттық университетіне (8 грант), Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік универ­ситетіне (12 грант), «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдени университетіне (10 грант), Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығына (11 грант), «Астана» медициналық университетіне (85 грант) барып, қабылдау комиссияларына тапсыра алады.