• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 17 Тамыз, 2023

Жемқорлардан тәркіленген қаражатқа 62 мектеп салынды

174 рет
көрсетілді

Жемқорлардан тәркіленген қаражат жинақталатын Қор арқылы бүгінде еліміздің бірқатар өңірінде, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 76 мың орынға шақталған (екі ауысымдық) 62 мектеп құрылысы қаржыландырылды, деп хабарлайды Egemen.kz  Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен жылдың желтоқсан айынан бері қордың  есепшотына 151,6 млрд теңге түскен.

Сондай-ақ қордың қызметі мектептерді, қосалқы ғимараттарды және интернаттарды салу, қайта жаңғырту арқылы үш ауысымдық мектептер мен апатты оқу орындарының мәселелерін шешуге және жалпы білім беру мекемелеріндегі орын тапшылығын жоюға бағытталған.