• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Тамыз, 2023

Қарағанды облысында өртенген көмір шахтасынан 222 жұмысшы құтқарылды

361 рет
көрсетілді

Бүгін «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментіне қарасты «Қазақстан» шахтасында өрт болды. Апат кезінде шахтаның 227 қызметкері жер астында қалған. Соңғы деректерге сәйкес, құтқарушылар 222 жұмысшыны жер бетіне шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жанып жатқан кеніштен шығарылған 13 адам бас ауруы мен жөтелге шағымданып, дәрігерлерге жүгінген.

Тағы төрт адам ауруханаға жатқызылды, олардың екеуі – Шахтинск қаласының орталық ауруханасына, қалғандары – облыстық медициналық орталыққа жеткізілді.

Оқиға кезінде 227 адам жер астында болғанын айта кету керек. Жұмысшыларды эвакуациялау бүйірлік шахта арқылы жүзеге асырылды.

Оқиға орнында РТСШ «ПВАСС» және Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Өрттің шығу себептері анықталуда.