Шахтинск қаласындағы «Қазақстан» шахтасынан кеншінің денесі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ақпаратты Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі растады.
Еске сала кетсек, 17 тамыз күні сағат 10:05-те «АрселорМиттал Теміртау» АҚ тау-кен өндіру дирекциясының «Казахстанская» шахтасында D6 көмір баурайында конвейер лентасы өртенді. Оқиға болған кезде жер астында 227 адам болған.
Соңғы мәліметтерге қарағанда, тағы 5 адам жер астында қалды. Қазір оларды құтқару жұмыстары жүргізілуде.
Апаттың нақты себептері анықталып жатыр.