• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қаржы 18 Тамыз, 2023

Қайтқан қаржының қайыры

278 рет
көрсетілді

Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару үдерісі басталғаннан кейін жемқорлардан қайтарылған қаражатты жинақтайтын арнайы қор құрылған болатын. Өткен жылдың желтоқсан айынан бері қорға 151,6 миллиард теңге түскен.

Үкіметтің баспасөз қызметі берген мәліметке қарағанда, әу баста көзделгендей бұл қара­жат еліміздегі әлеуметтік нысандарды салуға, соның ішінде мектептер құрылысына жұмсалып жатыр. Атап айтқанда, Астана, Алматы, Шым­кент қалаларында 76 мың орынға шақталған (екі ауысымдық) 62 мектеп құрылысы қаржыландырылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қазынаға қайтарылған қаражат мектептерді, қосалқы ғимараттарды және интернаттарды салу және қайта жаңғырту арқылы үш ауысымдық мектептер мен апатты оқу орындарының мәселелерін шешуге және жалпы білім беру мекемелеріндегі орын тапшылығын жоюға бағытталады.