• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
05 Маусым, 2010

МӘЖІЛІС – ҚМЭБИ: ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

570 рет
көрсетілді

Парламент Мәжілісінің депутаты Ирак Елекеев жоғары заң шығару органында тәжірибеден өтіп жүрген Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтының студенттерімен семинар өткізді, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Депутат алматылық жоғары оқу орнының жастарына қос палаталы Парламенттің жұмы­сымен қатар, өзінің заң шығару қызметі туралы әңгімеледі. Сұхбатта жемқорлықпен күресу, атап айтқанда, құқық қорғау органдарының жұмысы туралы мәселелер көтерілді. Өзге де проблемалар сөз болды, сұрақ­тарға жауап берілді. Семинардың соңын­да сту­денттер кездесіп, қызықты әңгіме өт­кізгені үшін алғыс ретінде депутат­қа естелік кәдесый сыйлады. Семинарға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің және Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің студенттері де белсене қатысты.