Хорватия астанасы Загреб қаласында өтіп жатқан дзюдодан Гран-при турнирінде қазақстандық дзюдошы Айболат Ыстыбай қола жүлде жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Аталған турнирде 66 келіге дейінгі салмақ бойынша қола жүлде үшін болған белдесуде Айболат Ыстыбай кипрлік Георгиос Баларджишвилиді жеңді. Осылайша ел қоржынына алғашқы жүлде түсті.
Әлемнің 85 елінің дзюдошылары қатысып жатқан Гран-при турниріне Қазақстаннан барлығы 11 дзюдошы қатысып жатыр.