• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Төтенше жағдай 22 Тамыз, 2023

«Қазақстан» шахтасындағы апатты учаске оқшауланады

163 рет
көрсетілді

Бүгінгі сағат 8.00-дегі жағдай бойынша «Қазақстан» шахтасындағы авариялық қазбада әлі де жанып жатқан өрт ошақтары оқшауланып жатыр. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz. 

Өрттің таралуына жол бермеу үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде. КӘАҚҚ РШО шахтадағы аварияны жою жөніндегі штаб басшылығы гипстен көпірлер салу арқылы апатты учаскені оқшаулау туралы шешім қабылдады.

Көпірлер салу орындары анықталып, материалдарды жеткізу басталған, содан кейін барлық күштерді апаттық учаскені оқшаулауға жіберу жоспарланып отыр.