Үкіметтің осы жылғы 17 тамыздағы қаулысымен мемлекеттік жаңа университет құрылды, деп жазады Egemen.kz.
«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ұлытау техникалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылсын», делінген құжатта.
Аталған жаңа оқу орны Жезқазған қаласында.
Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыттары − техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, қосымша білім беру және ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласында білім беру қызметтерін көрсету.
Қол қойылған күннен бастап Қаулы күшіне енеді.