• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Тамыз, 2023

ІІМ Астана мен Қарағандыда арнайы операция жүргізді

171 рет
көрсетілді

Кеше Ішкі істер министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен Астана және Қарағанды қалаларының аумағында Қарағанды облысындағы криминогендік жағдайға теріс әсер ететін қылмыстық топты ұстау бойынша кең ауқымды арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Топ мүшелерінің тау-кен өндіруші компаниялардың бірінің тауарлық-материалдық құндылықтарын ұрлауға, есірткі мен атыс қаруын сақтауға, сондай-ақ 2022 жылы қылмыстық текетірес кезінде Қарағанды тұрғынын өлтіруге оқталу фактісіне қатысы бар екені анықталды. Осы қастандықты жасамақ болған топтың болжамды «киллері» көрші мемлекеттің аумағында ұсталды.

– 70 тінту іс-шарасы өткізілді, соның нәтижесінде тоғыз қару, 400-ге жуық оқ-дәрі, пышақтар, радиостанциялар, үлкен көлемде ақша және басқа да заттай дәлелдемелер табылып, тәркіленді. Полицияға 28 адам жеткізілді, оның ішінде топтың 12 белсенді мүшесі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қылмыстық кодекстің бірнеше баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, тиісті сараптамалар тағайындалды, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.