Бокстан Азия ойындарына қатысатын Қазақстанның ерлер командасы жасақталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Olympic.kz сайтының ақпаратынша Ханчжоуда өтетін (ҚХР) Азия ойындарының медальдары үшін қазақстандық жеті боксшы шайқасады: Сәкен Бибосинов (51 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (57 келіге дейін), Ертуған Зейнуллинов (63,5 келіге дейін), Асланбек Шымбергенов (71 келіге дейін), Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін), Сағындық Тоғамбай (92 келіге дейін Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары).
Азия ойындары 23 қыркүйек - 8 қазан аралығында өтеді.