• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Спорт 27 Тамыз, 2023

Регби-7 спорты бойынша өткен алғашқы тур аяқталды

214 рет
көрсетілді

Футбол тобына кіретін регби спортының «Регби-7» ойыны бойынша Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында әйелдер арасында өткен Азия сериясының алғашқы туры аяқталды, оған  8 елдің құрамасы қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан құрамасы бірінші күні Сингапурды жеңіп, Қытай және Гонконгке жол берді, ал екінші күні қазақстандық регбишілер А тобындағы шешуші кезеңде Малайзияны, содан кейін Сингапурды ұтты, солайша Ұлттық құрама 5 орын алды.

Серияның келесі кезеңі 14-15 қазанда Тайландта өтеді.