• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Тамыз, 2023

Ақтөбе облысында заманауи спорт кешені ашылды

213 рет
көрсетілді

Хромтау ауданына қарасты Дөң ауылында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды, деп жазады Egemen.kz.

Ашылу салтанатында облыс әкімі Ералы Тоғжанов тұрғындардың қуанышына құттықтау лебіз арнап, жастар үшін спорттың маңыздылығын атап өтті.

 

Кешенде күрес, волейбол, баскетбол және тағы басқа спорт түрлерімен айналысуға арналған залдар бар.

Облыс әкімдігінің мәліметінше жалпы ауданы 1 мың шаршы метрден асатын аталмыш спорт кешенін салуға және жарақтандыруға мемлекеттен 305 млн теңгеден астам қаржы бөлінген.

 

Айта кетсек, жыл басынан бері облыста 7 спорт кешені пайдалануға берілген.  Тағы 11 спорт кешенінің құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.