• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Байқау 29 Тамыз, 2023

Журналистерге арналған Alaman байқауы жарияланды

385 рет
көрсетілді

Ұлттық спорт қауымдастығының бір жылдық жұмыс нәтижесі, ұлттық спорттағы өзекті мәселелер мен алдағы жоспарлар талқыланған кездесуде қауымдастық президенті Исламбек Салжанов 1 қыркүйекте «ALAMAN» медиа байқауы басталатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.

И.Салжанов тұңғыш рет өткізілетін байқаудың мақсатын атап өтті: ұлттық спорт түрлерінің насихатын күшейту үшін осы саладағы журналистер, БАҚ өкілдері және авторларды кәсіби тұрғыдан бағалап, ең үздіктерін анықтау.

Байқау 1 қыркүйектен 2024 жылдың 1 наурыз аралығында 6 ай бойы өткізіліп, оған отандық журналистер, авторлар және шетелдік БАҚ өкілдері де қатыса алады.

Байқауда «Үздік бағдарлама» (телевизия, радио), «Үздік аналитикалық материал» (дәстүрлі баспасөз: газет, журнал), «Үздік танымдық материал» (интернет, БАҚ), «Үздік сұхбат» (YouTube арна), «Үздік фотосурет» (БАҚ, әлеуметтік желі), «Шетелдік БАҚ-та жарияланған үздік материал» (қазақтың ұлттық спорты туралы), «Әлеуметтік желідегі үздік материал» (блогинг, мобилография) сияқты номинациялар бар.

Байқаудың жеңімпаздары 2024 жылдың наурыз айында марапатталады.

Үш үздік авторға 1 000 000 теңге (1-орын), 700 000 теңге (2-орын), 500 000 теңге (3-орын) көлемінде ақшалай сыйлық беріледі.

Айта кетсек, байқау 2024 жылы Қазақстанда өткізілетін V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары қарсаңында өткізіледі.