Кадрлық ауыс-түйіс туралы хабарламаны Ақорданың баспасөз қызметі таратты, деп жазады Egemen.kz.
Нақты айтқанда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Әсет Арманұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Ернар Жеңісұлы Баспаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.