• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 03 Қыркүйек, 2023

Қазақстанның қыздар құрама командасы қола жүлдеге қол жеткізді

247 рет
көрсетілді

Кеше Ыстанбұлдағы Бурхан Фелек орталық стадионында өрт-құтқару спортынан ерлер арасындағы (XVIII) және қыздар арасындағы (IX) әлем чемпионатының бірінші күні оқу мұнарасының 2,4-қабаттарына шабуыл сатысымен көтерілу түрі бойынша жарыс өтті. Еліміздің қыздар ұлттық құрама командасы үшінші орын алып, қола жүлдеге қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан  командасында 20 спортшы бар. Оның 10-ы ер адам және тағы бір 10-ы әйел адам. Жарысқа Қазақстан, Беларусь, Ресей, Австрия, Болгария, Камерун, Словакия, Түркия, Өзбекстан, Сауд Арабиясы, Қытай, Иран, Әзербайжан, Моңғолия, барлығы 14 елдің өкілдері қатысып жатыр.

14 ерлер құрамалары арасында Қазақстанның ерлер ұлттық құрамасы IV орынға ие болды. Үздік нәтижені Әбдібек Еркін 13,9 секунд уақытпен көрсетті.

Осы түрдегі 9 қыздар құрама командалардың арасында еліміздің қыздар ұлттық құрама командасы жүлделі III орынға ие болды. Үздік нәтижені Тұрсын Айдана көрсетті. 7,2 секунд нәтижесімен ол үздік сегіздікке еніп, бірінші жартылай финалдық жарысқа қатысты, сондай-ақ осы түр бойынша Қазақстанның ұлттық рекордын жаңартты (бұрынғы рекорд 7,28 секунд).

Бірінші күнгі қыздар мен ерлер арасында ақтық жарыстар бойынша Беларусь Республикасының өкілдері Виктория Тишкевич 7.2 секунд уақытпен және Уколов Никита 13 секунд уақытпен әйелдер мен ерлер арасында әлем чемпиондары атанды.

Ерлер арасындағы XVIII әлем чемпионаты және өрт сөндіру-құтқару спортынан қыздар арасындағы IX әлем чемпионаты 6 қыркүйекке дейін Халықаралық өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорт федерациясының қолдауымен өтеді.