• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Ауа райы 03 Қыркүйек, 2023

4 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

261 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК 4 қыркүйекке арналған Қазақстан территориясы бойынша синоптикалық жағдай мен қолайсыз ауа райы құбылыстарына қатысты болжам жасады. Синоптиктер дерегінше елімізде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, қатты жел тұрады, бұршақ жауады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауады, республикамыздың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр күтіледі, еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда да қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар түрінде) болады. Еліміздің батысында ғана жауын-шашынсыз ашық ауа райы күтіледі. Республика бойынша найзағай ойнау, екпінді жел, бұршақ түсу түріндегі қолайсыз ауа райы басым. Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, күндіз оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда тұман түседі деп күтіледі», делінген хабарламада.

Жамбыл облысы,  Қызылорда өңірінің шығысында, оңтүстігінде, орталығында,  Атырау облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, Ақтөбе өңірінің батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының орталығында, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары.