• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Маусым, 2010

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕСТІКТЕР ДАМИ БЕРМЕК

471 рет
көрсетілді

Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов ІV Қазақстандық инвестициялық саммит жұмысының шеңберінде ірі халықаралық компаниялар өкілдерімен жұмыс бабындағы кездесулер өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. “АрселорМиттал” компания­сы­ның директорлар кеңесінің төр­ағасы және бас атқарушы ди­ректоры Лакшми Митталмен кез­десуде Қазақстандағы кен-метал­лургия кәсіпорындары қызметі­нің мәселелері талқыланды. К.Мәсімовтің Ernst & Young Global компаниясының бас операциялық директоры Джон Фер­раромен кездесуінде Қазақ­стан­ның инвестициялық тартым­ды­лығын одан әрі жақсарту жайы әңгіме болды. Қазақстан Үкіметі басшы­сы­ның “Шеврон” корпорациясы бас­қарма төрағасының орын­ба­са­ры, атқарушы вице-президенті Джордж Киркландпен кезде­суін­де қазақстандық мазмұн, ком­па­ния қызметінде отандық кадр­лар­ды даярлау мен қайта даярлау мәселелері талқыланды. Ал “РУСАЛ” ОК бас дирек­то­ры Олег Дерипаскамен кездесу барысында электр энергиясы және металлургия саласындағы жо­баларды дамытудың көкейкесті мәселелері әңгіме арқауына айналды. Қытай инвестициялық компа­ния­­сының төрағасы және бас директоры Лоу Цзивеймен кез­десуде Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы инвестициялық және сауда-экономикалық қызметті одан әрі дамытудың басым­дық­тары сөз болды. Осы күні түстен кейін Пре­мьер-Министр К.Мәсімов 4-інші Қазақстандық инвестициялық саммиттің қорытынды секциясына қатысып, сөз сөйледі.