• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Қыркүйек, 2023

Баспаналы болу бақыты

617 рет
көрсетілді

Басыбайлы баспанасы болғанын қаламайтындар жоқ шығар. Алайда толғауы тоқсан тіршілікте тұрғын үйге қолы жетпей жүргендер бар. Консти­туция күні қарсаңында Индер ауданында баспанаға мұқтаж отбасыларға 192 пә­тердің кілті берілді.

Аудандық құрылыс бө­лі­мінің басшысы Алтын­бек Ғаб­дуллиннің айтуын­ша, «Нұрлы жер» бағдарла­масы­мен Индербор кен­тіндегі «Көк­тем» шағын ауданында 4 тұрғын үй бой көтерген. Оның әр­қай­сысында 48 пә­тер бар. Төрт қабатты тұр­ғын үйлердің құрылысын «Евро­строй» ЖШС, абаттан­ды­ру жұмыстарын «Агрос­пец­мон­­таж» ЖШС жүргізген. Жаңа тұрғын үйлер орта­лық­тандырылған жылу қазан­ды­ғына қосылған.

Индер ауданы әкімінің орынбасары Әсет Оразға­лиевтің дерегіне сүйенсек, мемлекеттік бағдарлама аясында салынған тұрғын үйден 192 отбасына жаңа пәтер беріліп отыр. Оның ішінде көпбалалы – 106, әлеуметтік тұрмысы төмен 69 отбасы бар. Сондай-ақ ата-ана қамқорлығын көрмей өскен 17 жасөспірім де жаңа баспанаға ие болды.

Мәселен, Райгүл Бота­е­ваның отбасы асыраушысынан айырылғандар санатына кіреді. Бұған дейін басыбайлы баспанасы болмаған. Сол себептен, 20 жылға жуық пәтер жалдап келген.

«Бұл – біздің көп жыл ар­мандаған баспанамыз. Өйткені табысымыз­дан қар­жы жинап, үй алуға мүм­кін­дігіміз болмады. Ен­ді, міне, мем­лекеттік бағ­дарла­мамен салынған тұрғын үйден жаңа пәтер­дің кілтін алдық. Қуанышқа кенеліп тұрмыз. Әсіресе балаларымыздың қуан­ғанын көруден асқан ба­қыт болмайтынына көзім жетті», дейді Райгүл Бо­таева.

Бір күнде 192 отбасы бір-бірінің көл-көсір қуанышын бөлісіп, бас­паналы болу ба­қы­тына бө­ленді. Оның ішін­де бір-бірінің қуанышын бө­ліс­кен бірінші топтағы қы­зын тәрбиелеп отырған Н.Өте­генова, көпбалалы Б.Иб­раева, М.Қайыржанқызы, Г.Қаб­­доло­ва сынды аналар да бар.

 

Атырау облысы