• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 04 Қыркүйек, 2023

Таиландта 18 жастағы қазақстандық қайтыс болды

194 рет
көрсетілді

Таиландта Қазақстан азаматы көз жұмды. Бұл ақпаратты Сыртқы істер министрлігі растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Phuket News ақпарат агенттігінің мәліметінше, қазақстандық азамат Най Янг жағажайы аумағында 1 қыркүйек күні жоғалып кеткен. Пхукеттің туристік полициясы алғашында оны ресейлік турист болуы мүмкін деп хабарлады. Дәл сол күні ауа райына байланысты тоқтатылған іздеу-құтқару жұмыстары басталды.

3 қыркүйек күні таңертең 18 жастағы қазақстандықтың мәйіті Най Янг жағажайынан табылды.

«1 қыркүйекте елшілікке жас жігіттің Пхукет жағалауында суға батып кеткені туралы ақпарат келіп түсті. Онда оның Қазақстан азаматы болуы мүмкін екені айтылған. Тай құтқарушылары 2005 жылғы жігіттің мәйітін екі күннен кейін іздеп тапты. Марқұмның ата-анасы Пхукетке келіп, анықтау рәсіміне қатысады», делінген Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.