• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 04 Қыркүйек, 2023

Жеңіс Қасымбек Астанадағы жеңіл атлетика федерациясының президенті болып сайланды

235 рет
көрсетілді

Жеңіс Қасымбек жеңіл атлетикадан Астана қаласы федерациясының президенті болып сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті Даниял Ахметов Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елорда жеңіл атлетика федерациясының президенті болып сайланғанын мәлім етті.  

«Бүгін Астана қаласы жеңіл атлетика федерациясының кезекті сайланбалы конференциясы өтті. Конференция мүшелерінің шешімімен Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы федерация президенті болып сайланды. Жиын барысында қалымыздағы жеңіл атлетиканы дамыту, сондай-ақ жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру, спортшылардың деңгейін көтеру сияқты маңызды міндеттер талқыланды. Жиынға Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының Президенті және қалалық жеңіл атлетика федерациясының мүшелері қатысты», деп жазды Даниял Ахметов әлеуметтік желідегі парақшасына.