• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Қыркүйек, 2023

«Әріптестерім үшін кешірім сұраймын»: экс-әкім желіде жазба қалдырды

218 рет
көрсетілді

Бүгін қызметінен босатылған Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманзайыпов желіде хабарлама жариялап, қала тұрғындарынан кешірім сұрады, деп жазады Egemen.kz.

«Құрметті Павлодар қаласының тұрғындары! Мен Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың шешімін келісіммен қабылдадым, өйткені соңғы оқиғаларға байланысты өз жұмысымды одан әрі жалғастыруға моральдық құқығым жоқ деп есептеймін. Мен аймақ басшысына сенім білдіргені үшін алғыс айтқым келеді, сонымен бірге барлық тұрғындардан әріптестерім үшін кешірім сұраймын. Өкінішке қарай, қысқа мерзімде жоспарлаған жобаларымызды соңына дейін жеткізе алмадым. Қызмет барысында қолдау берген әріптестеріме үлкен рахмет. Тек қана өздеріңізге сеніңіздер!», деп жазды ол Instagram желісінде.

Павлодар қаласы әкімінің міндетін орынбасары Қадиша Беготаева уақытша атқарады.