• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
05 Маусым, 2010

ЗАҢ ЖОБАЛАРЫНЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫ ҚАРАЛДЫ

400 рет
көрсетілді

Кеше Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен палата бюросының отырысы өтті. Еліміздің заңдарына азамат­тар­ды ұстау негіздері мен тәртібін бекіту мәселелеріне қатысты заң жобасын бірінші оқылымда және азаматтық заңнаманы жетілдіруді көздейтін заң жоба екінші оқы­лым­да палата талқысына шығары­латын болды. Кеден одағына қатысты бірқа­тар заң жобаларының дайындығы мәлім етілді. Сондай-ақ осы ба­ғыт­тағы заңдар құрамында “Кеден одағының ветеринариялық-сани­та­риялық шаралар жөніндегі келісі­мін ратификациялау туралы”, “Ке­ден одағының өсімдіктер каран­тині туралы келісімін ратифи­ка­ция­лау туралы” және “Кеден   одағының   санитариялық   шара­лар  жөніндегі келісімін ратифика­циялау туралы” заң жобалары да бар. Сонымен қатар, жалпы оты­рыс­тың қарауына Қазақстан Рес­публикасы  мен Ауғанстан Ислам Рес­публикасының Үкіметтері ара­сындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекітуді көздейтін заң жобасы ұсынылды. Бюро отырысында кейбір заң­намалық актілерге көлік мәсе­ле­ле­рін реттейтін заң жобасын екінші оқылымда талқыға салуға болаты­ны мәлім етілді. “Егемен-ақпарат”.