Елімізде жолаушылар пойызына электронды билеттер сату 76 пайызға өсті, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2023 жылдың 8 айында электронды теміржол билеттерін сату үлесі 76% дейін өсті. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5% артық. Теміржол билеттерін онлайн режимінде bilet.railways.kz билеттерді сату жөніндегі ресми порталдан және «ҚТЖ билеттері» мобильді қосымшасы арқылы, сондай-ақ ТЖ билеттерін сату бойынша үшінші тараптың жеке интернет-сайттарынан сатып алуға болады.
Билеттерді сатып алу процесі ашық, сондықтан билеттерді қайта сатумен байланысты заңсыз әрекеттерді жасау мүмкін емес», делінген хабарламада.
Билеттерді сатудың қолданыстағы электрондық жүйесі пайдаланушыларға билеттерді қайта ресімдеуге мүмкіндік бермейді.