• RUB:
    4.9
  • USD:
    443.72
  • EUR:
    482.28
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Қыркүйек, 2023

«Мен енді қоңырат болдым». Анголалық студент Президентпен қазақша сөйлесті (видео)

621 рет
көрсетілді

Ангола азаматы, Сүлеймен Демирел атындағы университеттің 4-курс студенті Ферейра Элиша Мемлекет басшысымен қазақ тілінде сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кеше Алматы облысында жұмыс сапарымен болған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сүлеймен Демирел атындағы университетке барды. 

Мемлекет басшысы жоғары оқу орнының білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен, сондай-ақ университетті одан әрі дамыту стратегиясымен танысты. Қасым-Жомарт Тоқаев жас оқытушылармен, ғалымдармен, студенттермен әңгімелесу барысында білім беру жүйесіне озық әдістерді енгізу маңызды екенін ерекше атап өтті.   Ангола азаматы, аталған университеттің 4-курс студенті Ферейра Элиша Мемлекет басшысымен қазақ тілінде сөйлесті.

«Біздің университетке қош келдіңіздер! Мен Анголадан келдім. Сізді көргеніме өте қуаныштымын. Мен қазір қоңырат болдым. Қазақ елі жасай берсін!» деді ол.