Қазақстан сапынан өнер көрсететін Тимофей Скатов пен Михаил Кукушкин Севилья челленджер турнирінің екінші айналымында өзара кездеседі, деп жазады Egemen.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
Әлемнің 129-ыншы, аталған жарыстың 6-ракеткасы Тимофей Скатов бастапқы кездесуінде дүниежүзілік рейтингте 269-орында тұрған Польша өкілі Даниэль Михальскиден 6:1, 5:7, 6:3 есебімен басым түсті.
Әлемнің 242-ракеткасы Михаил Кукушкин рейтингте 741-сатыдағы испаниялық, 21 жастағы Диего Аугусто Баррето Санчеспен ойын алаңына шығып, қарсыласын 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірген еді.