Нұрмұхамед Байғараев Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған құжат 2023 жылғы 6 қыркүйекте Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
«Мемлекет басшысының өкімімен Нұрмұхамед Исманұлы Байғараев Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды», делінген ресми хабарламада.
Нұрмұхамед Байғараев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Саясаттану», «Болашақ» бағдарламасымен Ұлыбританияның Ланкастер университетін «Жобаларды басқару» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Бұған дейін ол «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасында саяси-сараптамалық бағдарламалар мен әлеуметтік ток-шоулар әзірлеген. Кейін республикалық «Egemen Qazaqstan» газеті АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі, бас редакторының орынбасары болды. Сондай-ақ «Айқын» газетінің бас редакторы қызметін атқарды.
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін ол Президент баспасөз хатшысының орынбасары болды.