Шахматтан Қазақстанның қыздар құрамасы командалық әлем чемпионатында көш басына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Польшаның Быдгощ қаласында әйелдер арасындағы ФИДЕ-нің тоғызыншы командалық әлем чемпионаты жалауын желбіретті.
Командалық әлем чемпионатының бірніші күнгі турында Қазақстан шахмашылары Бибісара Асаубаева, Меруерт Қамалиденова, Ксения Балабаева, Алуа Нұрманова Үндістан мен Мысыр елінің қыздарынан басым түсті.
«А» тобында сынға түсіп жатқан аруларымыз енді Франция, Грузия, Украина шахматшыларымен тартысады.