• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Қыркүйек, 2023

Тиімді қарым-қатынас орнатылды

238 рет
көрсетілді

Жуырда Қытайдың Шэньси провинциясы партия комитетінің хатшысы Чжао Иде бастаған делегация Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданына жұмыс сапарымен келді. Делегацияның құрамына Үкімет мүшелері және ірі компаниялардың басшылары болды.

Екіжақты ынтымақтастықтың өрлеуі мамыр айындағы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға барған ресми сапарынан кейін жандана түсті. Қытай делегациясын Аста­нада Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин қабылдап, орта­лық Қытайда үзіліссіз жауған жауын­ның кесірінен болған апатта опат болған­дарға көңіл айтты және екі елдің ара­сындағы сауда-экономикалық ынтымақ­тастықтың дами түсуіне үміт білдірді.

Қазір Қытай Қазақстанға мол инвестиция құюшы бес елдің қатарында. Кейінгі 15 жылда Қытай­дың Қазақстан экономикасына құйған инвестиция көлемі 23,5 млрд долларға жет­кен. «Провин­цияның астанасы Сиань қаласындағы құрғақ портта Қазақ­станның логис­тикалық орталығының салы­нуы Орталық Азия, Еуропа, Түр­кия мен Иранға контейнерлік пойыздардың жөнелтілуіне негізгі тірек болады», деді Серік Жұманғарин өз сөзінде.

Міне, соның алғашқысы болып Тайын­ша ауданындағы Аймақ ауылына орн­аласқан көлік-логистикалық «Мемолюкс» астық базасынан қазақстандық контейнерлік пойыз аттанды. Ол 1 600 тонна «Айдзю-Қызылжар» брендімен жіберілген алғашқы партия астықты тасымалдайды. Бұл оқиға «Чаньань» қытай-еуропалық теміржол экспресінің ашылғанына 10 жыл толуына арналды.

Айтулы іс-шарадан кейін қытай­лық делегация «Тайынша-Май» ЖШС кеңсесінде Солтүстік Қазақ­стан облысы делегациясымен сауда-эко­но­микалық келіссөздер жүргізді. Келіссөздер барысында «ҚазақИн­вест» ҰК және Айдзюй, сондай-ақ «ҚазНұрХолдинг компаниясы мен «Хиан Ониз Трейд Гоу» компаниялары арасында ынтымақтастық орнату туралы меморандумға қол қойылды.

Келіссөзден кейін делегация мүше­лері Петропавл қаласы кәсіп­орын­дары­ның өнімдері көрмесімен танысты.

 

Солтүстік Қазақстан облысы